Сақтау қоймасының қызметін көрсету туралы Жария шарт

ALMATY INTERNATIONAL AIRPORT

Халықаралық Алматы әуежайы, Алматы, Қазақстан

ICAO UAAA (ALA)

ХАӘ метеоқызметiнің мәліметтері бойынша Алматы әуежайы ауданындағы ауа температурасы

+17°С

+7(727)270-33-33

Қалааралық қоңыраулар үшін

Русский / English

Басына Қауіпсіздік Жаңалықтар Байланыс Баспасөз қызметі Авиаагенттік Тендерлер

БЕКІТЕМІН
«Халықаралық Алматы әуежайы»
Акционерлік қоғамының президенті
__________________А.Бекмұхамбетов
«____»_________2018г.

Алматы қаласы Халықаралық Алматы әуежайы
уақытша сақтау қоймасының қызметін көрсету туралы
№ 16-14 ________Жария шарт

Алматы қаласы                                                                                                                             «____»____________201_ж.

Бұдан былай «Қоғам» деп аталатын «ХАӘ» акционерлік қоғамы, өз қызметін Жарғы негізінде жүзеге асыратын Президент А.Ә.Бекмұхамбетов тұлғасында бір тараптан, және бұдан былай «Клиент» деп аталатын Қоғамның уақытша сақтау қоймасындағы тауарларды алушы болып табылатын тұлға екінші тараптан, ары қарай «Тараптар», төмендегі туралы осы шартты жасады:

1.ШАРТТЫҢ МӘНІ

1.1. Қоғам белгілі сыйақыға Клиенттің шетелдік тауарларын Қоғамның уақытша сақтау қоймасында кедендік процедураларға сәйкес, кедендік орган мәлімделген кедендік процедураларға сәйкес осы тауарды шығарғанша немесе еуразиялық Экономикалық Одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының (ары қарай-кедендік заңнама) кедендік заңнамасында қарастырылған басқа әрекет орындалмағанша Осы шартта белгіленген шарттар бойынша сақтау қызметін көрсетеді.

2.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

2.1. Шетелдік тауар (ары қарай-тауар)- дегеніміз Еуразиялық экономикалық одақтың тауары болып табылмайтын, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары статусын жоғалтқан тауарлар, сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес шетелдік тауардың статусына ие болған тауарлар ( кез-келген жылжымалы мүлік, соның ішінде еуразиялық экономикалық одақтың мүше –елерінің валютасы, бағалы қағаздар және (немесе) валюта құндылықтары, жол чектері, сонымен қатар басқа да тасымалданатын жылжымайтын мүлікке теңелетін заттар.
2.2. Осы Шартта қолданылатын негізгі ұғымдар Қазақстан Республикасының азаматтық, Кедендік және басқа да заңнама салаларында пайдаланатын мағынада, сонымен қатар ҚР бекітілген Халықаралық шарттарға сәйкес қолданады.
2.3. Уақытша сақтау қоймасы (ары қарай-қойма)-Қоғамның меншігіндегі, шаруашылық және жедел басқарудағы немесе жалға алынған, уақытша сақтау қоймалары ретінде пайдалантын, кедендік заңнаманың барлық талаптарына сай үй-жайлар мен ашық алаңдар. Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Закарпатский көшесі, 51 үй.
2.4.Тауарларды уақытша сақтау қызметі дегеніміз ол-Қоғам көрсететін қызметтер, оның ішінде тауарды сақтау, уақытша сақталатын жүкті тиеу/түсіру жұмыстары, сонымен қатар кедендік органның уәкілетті лауазымдық тұлғасының талабы бойынша орындалатын және осы шарттың міндеттемелерін орындаумен байланысты операциялар.

3.ТАУАРДЫ УАҚЫТША САҚТАУ ҚОЙМАСЫНА ОРНАЛАСТЫРУ

3.1.Тауарды қойма аумағына орналастыру жұмыстары тәулік бойы орындалады.
3.2.Тауар мен көлік құралдардың Уақытша сақтауға орналастырылғанын растайтын құжаттарды тіркеу жұмыстары ҚР кедендік заңнамада белгіленген тәртіппен іске асырылады.
3.3.Тауар қоймаға Тасымалдаушы Қоғамға тапсырған саны, сапасы және буып-түйілген түрінде қабылданады. Тасымалдаушы Қоғамға тапсырған тауар саны және (немесе) салмағы көлік құжатындағы көрсеткішке сәйкес келмеген жағдайда, сонымен қатар қаптамасы бүлінген, тауар бұзылған жағдайда, нақты саны, қаптаманың сипаты және (немесе)тауардың салмағы көрсетілген акті жазылып, бір данасы Клиентке беріледі.

4.УАҚЫТША САҚТАУ ҚОЙМАСЫНАН ТАУАРДЫ БЕРУ

4.1. Тауарды шығаруға байланысты кедендік операцияларды кедендік органдар олар орналасқан жерде және олардың жұмыс уақытында жүзеге асырады.
4.2. Қоймадан тауарды Клиенттің өкіліне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделген сенімхат негізінде жүзеге асырылады.
4.3. Қоймадан тауарды беру жұмыстары Клиент көрсетілген қызмет ақысын төлеп, кедендік органның мәлімделген кедендік процедураға сәйкес тауарды шығару туралы шешімін растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін, немесе Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасымен келісілген халықаралық шарттарда қарастырылған басқа да әрекеттер болған жағдайда орындалады.

5.ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

5.1.Қоғам міндетті:

5.1.1.Тасымалдаушыдан тауарды қабылдап, кедендік заңнамада қарастырылған тәртіп пен мерзімде уақытша сақтауға орналастыруға;
5.1.2.Кедендік заңнамаға сәйкес тауарларды уақытша сақтауға орналастыруды тіркеуді қамтамасыз етуге;
5.1.3.Тауарды орналастыру сәтінен бастап Клиент тауарын алып кеткен сәтіне дейін тауардың сақталуын қамтамасыз етуге;
5.1.4. Тауарды алу, талдау және үлгісін алу үшін Клиенттің өкіліне, қажет болған жағдайда жүк тасымалдайтын көлік құралына уақытша сақтау қоймасының аумағына кіру рұқсатын беруді қамтамасыз етуге;
5.1.5.Жүкті тиеу және түсіру жұмыстарын орындау үшін қажетті персонал, техника және жабдықпен қамтамасыз етуге;
5.1.6.Тауардың уақытша сақтау қоймасына орналасқаны жайлы Клиентке ақпарат беруге;
5.1.7.Тауарды сақтауға қажетті жағдай жасауға;
5.1.8.Қажетті кедендік операцияларды орындау үшін, тауарды қоймаға орналастыру сәтінен бастап бір тәулік бойына ақысыз сақтауды қамтамасыз етуге; телеграмма арқылы хабарланған күнтізбелік күн немесе тауардың құжаттарын алған күн -Тауардың қоймаға орналасу сәті болып есептеледі.
5.1.9. Өз есебінен тауарды тексеру, оның санын анықтау, жағдайын білу және үлгісін алу жұмыстарын Кедендік заңнамада карастырылған тәртіпте орындау үшін Клиентке мүмкіндік жасауға;
5.1.10.Клиенттің келісімісіз тауарды үшінші тарапқа бермеуге, ҚР заңнамасымен қарастырылған жағдайлардан тыс.
5.1.11.Уақытша сақтау қоймасына орналастырылған тауарларға растайтын құжаттарды беруді қамтамасыз етуге;
5.1.12.Сақтаудағы тауарларды есепке алуды жүргізу және кедендік органдарға ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы, кедендік заңнамада қарастырылған тәртіпке сәйкес есеп беру;
5.1.13.Уақытша сақтау қоймасында жұмыс істемейтін және уақытша сақтау қоймасында орналасқан тауарларға қатысты құзыреті жоқ бөтен адамдарды кіргізбеуге;
5.1.14.Клиенттің талабы бойынша кедендік істер саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің Қоғамды уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіміне енгізу туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынуға;
5.1.15.Клиентке ақы төлеу шотын және фактура-шотын ҚР Салық заңнамасында қарастырылған тәртіп пен мерзімде беру, сонымен қатар Клиенттің талабы бойынша тоқсан сайын өзара есеп айырысулардың салыстырмалы актісін ұсынуға.

5.2.Қоғам құқылы:
5.2.1.Клиенттен уақытша сақтау қоймасынан тауарды алу үшін кедендік зңнамамен көзделген қажет құжаттар мен мәліметтерді талап етіп, алуға;
5.2.2.Тауарды сақтау бойынша шығындарды өтеу және Клиент мүддесі бойынша қосымша көрсетілген қызметтерге ақы талап етуге;
5.2.3.Осы шартың 5.2.2. тармағына сәйкес қызмет ақысын толығымен төлемеген жағдайда, соның ішінде бөліп төленген жағдайда, егер нақты көрсетілген қызмет ақысы Клиент құйған алдынала төлем мөлшерінен асқан жағдайда тауарды бермей ұстауға;
5.2.4. Клиент немесе тасымалдаушы тауардың қауіптілігін жасырып, тааурды сақтау жағдайының ерекшеліктері туралы хабардар етпеген жағдайда, Осы шартты орындаудан бас тартуға;
5.2.5. Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес сақтау мерзімі өткен ұсталынған және (немесе) талап етілмеген тауарларды сақтағаны үшін ақы талап ету, ақы алу;
5.2.6. Егер де Клиенттің іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) кедендік және (немесе) басқа заңнама талаптарын және (немесе) осы шарттың талаптарын бұзса (немесе бұзуы мүмкін болса), бір жақтық тәртіппен осы Шартты бұзуға немесе оны орындаудан толығымен немесе жартылай бас тартуға құқылы.

5.3. Клиент міндетті:
5.3.1. Қоғамға Уақытша сақтау қоймасынан тауарларды алу үшін қажетті, кедендік заңнамамен көзделген, құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға;
5.3.2.Қоғам көрсеткен қызметтерге уақтылы ақы төлеуге және тауарды сақтау, жүкті тиеу/түсіру және Клиенттің сұрауы бойынша қосымша жұмыстарды орындау бойынша шығындарды өтеуге;
5.3.3.Кедендік заңнамада қарастырылған уақытша сақтау қоймасына орналастырылған тауарды декларациялау, және уақытша сақтау мерзімі өткенше тауарды алуға;
5.3.4.Қоғамға байланыс деректерін ұсынуға (электрондық адрес/ұялы байланыстың мобильді номері) және өзгерген жағдайда ол туралы Қоғамға хабарлауға.

5.4.Клиент құқылы:
5.4.1.Уақытша сақтауда тұрған тауарлар дұрыс сақталып, жақсы жағдайда болуын қамтамасыз ету үшін қажетті операцияларды орындауға, сонымен қатар оларды тексеруге және өлшеуге.
5.4.2.Қоғамнан Уақытша сақтауға орналастырылған тауарға қатысты кедендік заңнамада және осы Шартта көзделген ақпараттар мен құжаттарды талап етуге және алуға;
5.4.3.Қоғам кінәсінан уақытша сақтауға орналастырылған таурлар бүлінген немесе жоғалған жағдайда ҚР заңнамасының тәртібіне сәйкес келтірілген зиянды қайтаруды талап етуге;
5.4.4.Қоғам тарифтерін өзгертіп, Клиент жаңа тарифтермен келіспеген жағдайда осы шартты бір жақтық тәртіппен бұзуға.

6. ТАУАРЛАРДЫ УАҚЫТША САҚТАУ МЕРЗІМІ

6.1.Тауарларды уақытша сақтау мерзімі төрт айды құрайды, егер жеке тауар санаттарына кедендік заңнамада басқадай мерзім көрсетілмеген жағдайда.
6.2.Жолаушы алмаған немесе талап етілмеген багаждың уақытша сақтау мерзімі алты айды құрайды.
6.3.Тауарларды уақытша сақтау мерзімі кедендік орган тауарды уақытша орналастыру үшін ұсынған құжаттарды тіркеген күнінен кейінгі күннен бастап есептеледі.

7. ЕСЕП АЙЫРЫСУ ТӘРТІБІ

7.1.Клиент Қоғам көрсеткен қызмет құнын Қоғамның нормативтік актілерімен белгіленген тарифтерге сәйкес УСҚ тауарды беру күнінен кешіктірмей төлейді.
7.2.Қоғам көрсеткен қызметке ақы төлеу жұмыстары қолма-қол ақшамен және аударым арқылы, сонымен қатар Қоғамның есеп шотына аванстық төлем құю арқылы орындалады.
7.3.Түбіртек реестрі қосылған фактура-шот Клиентке ҚР салық заңнамасында көрсетілген тәртіпке және мерзімге сай беріледі.
7.4.Қызмет құнын төлеу шоты мен фактура-шотты Клиент Қоғамның бухгалтерия бөлімінен өз бетімен алады.
7.5.Қоғам көрсеткен қызмет тарифтері нақты белгіленген болып табылмайды және де осы шарттың әрекет ету мерзімінде өзгеруі мүмкін. Қызмет көрсету тарифтері өзгерген жағдайда, бұндай өзгертулер Қоғамның тарифтерді өзгерту туралы нормативтік актілерімен рәсімделеді.

8.ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

8.1.Осы шарттың міндеттемелерін орындамаған немесе толығымен орындамаған жағдайда тараптар ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
8.2.Қоғам тауардың орналасу сәтінен бастап оны Клиентке тапсыру сәтіне дейін уақытша сақтауға орналастырылған тауарлардың бүлінгенінің нәтижесінде жоғалғаны, кемушілігі және бұзылғаны үшін жауапты болады.
8.3.Егер тауар Клиенттің немесе тасымалдаушының кінасынан жоғалып, бүлініп, қаптамасы жыртылған жағдайда, сондай-ақ қоймаға түскен тауардың құжаттамасында ерекше сипаты, сақтау жағдайы және де жүкті тиеу/түсіру барысында қауіпсіздік шараларын қолдану туралы мәлімет көрсетілмеген жағдайда Қоғам жауап бермейді.
8.4. Егер Клиент қоймада сақталған тауарлардың жоғалуы, кемушілігі немесе бүлінуі туралы шағымды қоймадан алып, тауарды дұрыс жағдайда және дәл санында қабылдағаны туралы қол қойғаннан кейін жазса Қоғам оған жауапты болмайды.
8.5.ҚР бекітілген ҚР заңнамасы мен халықаралық шарттарға сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына кіргізуге және тасымалдауға тыйым салынған тауарларды уақытша сақтауға орналастыру салдарынан туындаған немесе тауардың мөлшері, салмағы және сипаты (атауы), көлік және (немесе) тауар құжаттамасында көрсетілген орама сапасы жайлы дұрыс мәлімет берілмеген жағдайда Қоғам Осы шартта туындаған міндеттемелерге жауап бермейді.
8.6.Клиентке Осы шартта көзделген міндеттемелерді көрсетілген міндеттемелерді орындамағаны үшін немесе дұрыс орындамағаны үшін ҚР заңнамасына сәйкес жаупкершілік жүктеледі.
8.7.Қоғам жүк қабылдаушының байланыс деректерінің (электрондық адрес/ ұялы телефонның номері) жоқтығына немесе деректердің дұрыс берілмегеніне байланысты тауарды алмағанына немесе тауар келгені туралы уақтылы хабарламағаны үшін жауапты болмайды.

9.ДҮЛЕЙ КҮШТЕР ЖАҒДАЙЫНЫҢ ӘРЕКЕТТЕРІ

9.1. Тараптар дүлей күштер жағдайы орын алған кезде өзінің міндеттемелерін орындау жауапкершілігінен босатылады, яғни Тараптар алдын ала болжай алмаған немесе болжауға тиіс емес және алдын ала алмаған және алдын алуға тиіс емес жағдайлар жатады: табиғат апаттары, азаматтық көтерілістер,эпидемия, эмбарго, өрт, жер сілкінісі, топан су, және басқа кез-келген сипаттағы соғыс әрекеттері.
9.2. Егер дүлей күштер жағдайы 3(үш) ай қатар созылса, Тараптардың әр-қайсысы осы шартты бір тараптық тәртіппен, барлық есеп айырысуларды орындап, алдын-ала жазбаша хабарлау арқылы бұзуға құқылы.

10. ШАРТ ЖАСАУ ШАРТТАРЫ

10.1.Осы шарт уақытша сақтауға орналастыру үшін берілген құжаттарды кедендік орган тіркеген сәттен бастап күшіне енген деп есептеледі.
10.2.Осы шарт ҚР Азаматтық Кодексінің 387 бабына сәйкес Жария шарт болып табылады.

11. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ

11.1.Осы Шарт бойынша тараптардың арасында туындаған даулар келіссөздер арқылы шешіледі.
11.2. Туындаған дауларды жоғарыда айтылған жолмен шешу мүмкіндігі болмаған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының сот органдарында қаралады.

12.ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

12.1. Осы Шартпен реттелмеген барлық басқа жағдайда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
12.2. Тараптар осы шартқа және оның қсымшаларына қол қою кезінде факсимильді қол қою құралдарын пайдалана алады.
12.3. Осы шартқа қол қойған сәттен бастап осының алдындағы барлық уағдаластықтар ( хат алмасулар, келіссөздер хаттамалары және т.б.) өз әрекетін тоқтатады.
12.4. Осы шарт бірдей заңдық күші бар екі данада жасалды.

13. ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:

Басқы бет | Кері байланыс | Сайт картасы

© 2002-2018 «Халықаралық Алматы әуежайы»АҚ

Қазақстан Республикасы. Барлық құқықтары қорғалған.

   

Байланыс ақпараты

Баспасөз қызметі:
+7(727)2703391

info@alaport.com

Алматыдағы байланыс
телефонымыз

+7(727)2703333

ЭЙР АСТАНА KC621ФРАНКФУРТ12°С2018-04-27
16:10

Ұшып кетті
АВИАКОМПАНИЯ SCAT DV739ЖЕЗҚАЗҒАН17°С2018-04-27
14:40

Отырғызу
ЖЕЗКАЗГАН-ЭЙР KZH3071АСТАНА12°С2018-04-27
14:40

Кесте бойынша
ЭЙР АСТАНА KC953АСТАНА12°С2018-04-27
15:40

Тіркеу
Загрузить Adobe Flash Player

Жақын арадағы 4 рейс

ары қарай...