Автотұрақ орнын беру бойынша қызмет көрсету туралы келісім шарт

ALMATY INTERNATIONAL AIRPORT

Халықаралық Алматы әуежайы, Алматы, Қазақстан

ICAO UAAA (ALA)

ХАӘ метеоқызметiнің мәліметтері бойынша Алматы әуежайы ауданындағы ауа температурасы

+4°С

+7(727)270-33-33

Қалааралық қоңыраулар үшін

Русский / English

Басына Қауіпсіздік Жаңалықтар Байланыс Баспасөз қызметі Авиаагенттік Сатып Алу

БЕКІТЕМІН
«Халықаралық Алматы әуежайы»
акционерлік қоғамының президенті
__________________Б.К. Ержанов
«____»_________201 г.

Халықаралық Алматы әуежайында жеңіл автокөліктерге
тұрақ орнын ұсыну қызметін көрсету туралы
№16-14-___Жария шарты

Алматы қаласы                                                                                                                             «____»____________201_ж.

Бұдан былай «Қоғам» деп аталатын «Халықаралық Алматы әуежайы»АҚ өз қызметін «Жарғы» негізінде жүзеге асыратын президент тұлғасында Б.К. Ержанов бір тараптан, және бұдан былай «Клиент» деп аталатын Халықаралық Алматы әуежайының вокзал маңындағы алаңынға және жабық автотураққа автокөліктердің кіруін жүзеге асыратын және тұрақ орнын пайдаланатын тұлға, ары қарай бірге «Тараптар», төмендегі туралы осы Шартты жасасты:

1. Шарттың мәні

1.1. Қоғам Алматы қаласы Халықаралық әуежайының жолаушылар терминалының вокзал маңына кіру бойынша, сондай-ақ Клиенттің автокөлігіне Алматы қаласы, Майлин көшесі, 1 үй мекен-жайы бойынша орналасқан жолаушылар терминалының ашық тұрағы мен жабық тұрақ кешенінде тұрақ орнын ұсынуға міндеттенеді, ал Клиент осы қызметердің ақысын осы Шарттың талаптарына сәйкес төлеуге міндеттенеді.
1.2. Осы Шарттың мақасттарында мына ұғымдар пайдаланады:
«Автотұрақ қызметтері» - кіру, шығу, жеңіл автокөлікті вокзал маңындағы алаңға және Алматы қаласы Халықаралық әуежайының жабық тұрақ кешеніне тоқтату және қою;
«тұрақ билеті» - бір реттік магнит жолағы бар картон билет .

2.Тараптардың құқықтары мен міндеттері

2.1.Қоғам міндеттенеді:

2.1.1. Клиенттің автокөлігін жолаушылар терминалының ашық тұрағына және Алматы қаласы Халықаралық әуежайының жабық тұрақ кешеніне кіргізуге;
2.1.2. Клиенттің автокөлігіне арналған тұрақ үшін орын бөлуге;
2.1.3. автокөліктердің тұрақ орындарын,қозғалыс және орын бағыттарын, автокөлікті қоюға және тұруға тыйым салынатын жерлерді жол белгілерімен белгілеуге;
2.1.4. қызмет құны туралы ақпаратты көпшілікке қолжетімді жерге, соның ішінде Халықаралық Алматы әуежайының вокзал маңына кіретін жерге орналастыруға;

2.2. Қоғам құқылы:

2.2.1. Клиент автокөлігінің тұрақ орнына арналған орынды техникалық мүмкіндіктердің болмауына байланысты осы Шартты жасаудан бас тартуға;
2.2.2. Клиенттен автокөлікті тек арнайы бөлінген жерлерге қоюды талап етуге;
2.2.3.Клиенттен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және өртке қарсы және санитарлық нормаларын сақтауын талап етуге;
2.2.4. Клиенттен Қоғамның мүлкіне келтірілген зиянды өтеуді талап етуге;
2.2.5. Клиент көрсетілген қызмет ақысын төлемеген жағдайда, зиян келтірген және құқықбұзушылық пен қылмыс жасаған жағдайда құзыретті мемлекеттік органдарының қызметкерлері келгенше Клиенттің автокөлігін ұстауға құқылы;
2.2.6. Қоғам бұдан бұрын көрсетілген қызмет ақысын төлемеген жағдайда вокзал маңына кіргізбеуге құқылы.

2.3. Клиенттің міндеті:

2.3.1. уақтылы және толық көлемде қызмет ақысын төлеуге;
2.3.2. автокөлікті тек арнайы белгіленген орындарға қоюға;
2.3.3. автокөлікті белгіленбеген және арнайы арналмаған жерге тоқтатуды және қоюды болдырмауға, сонымен қатар шығаберісте, кіреберісте, өту жолдарында, сондай-ақ автокөлік басқа көліктердің ары қарай өтуіне немесе қозғалысына қиындық тудыратын жерлерге қоюды болдырмауға;.
2.3.4. Халықаралық Алматы әуежайы жолаушылар терминалының вокзал маңындағы ашық автотұраққа автокөлікті бір тәуліктен артық уақытқа қалдырмауға;
2.3.5. Қоғамға келтірілген зиянды өтеуге;
2.3.6. Қоғамға Клиенттің автокөлігін эвакуациялаумен байланысты шығындарды өтеуге, осы Шартпен белгіленген жағдайларда;
2.3.7. Төтенше жағдай орын алған жағдайда Клиентке тиесілі автокөліктің орнын ауыстыруға бойынша шараларды қолдануға;

2.4. Клиенттің құқығы:

2.4.1. Қызмет құны туралы, автокөлік тұрағына арналған бос орындардың бар/жоғы туралы, қозғалыс бағыты туралы ақпаратты осы Шарт жасалмай турып алуға құқылы;
2.4.2. Қоғам мүлкіне келтірілген зиянның құны туралы, сонымен қатар Клиенттің автокөлігін эвакуациялау кезіндегі шығындарды өтеу құны туралы ақпаратты алуға құқылы.

3. Шартты жасау талаптары

3.1. Осы Шарт Халықаралық Алматы әуежайы вокзал маңындағы аумаққа кірген сәттен бастап жасалды деп есептеледі.
3.2. Осы шарт Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387 бабына сәйкес Жария шарт болып табылады.

4.Төлеу тәртібі және мерзімі

4.1. Осы Шарт бойынша қызмет құны, қосымша құн салығы есебімен, Қоғамның нормативтік актілерімен белгіленеді,
4.2. Ақы төлеу мақсатында Клиенттің автокөлігінің тұрған уақытын есептеу, сағатпен және тәулікпен, кірген және тұрақ билетін алған сәттен 15 минут өткеннен кейін басталып және шығып, тұрақ билетін қайтарған сәтте аяқталады.
4.3. Төлеу жұмыстары қызмет көрсетілгеннен кейін орындалады.
4.4. Клиент тұрақ билетін бүлдіріп немесе жоғалтып алған жағдайда ақы төлеу автокөліктің нақты тұрған уақытына орындалады.

5. Тараптардың жауапкершілігі

5.1. Қоғам және Клиент Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапты болады.
5.2. Қоғам Клиенттің мүлкінің жоғалуына, тоналуына және бүлінуіне, соның ішінде Клиенттің автокөлігінің ішіндегі заттардың жоғалуына жауапты болмайды.
5.3. Тараптар төтенше жағдайлар орын алған жағдайда, сондай-ақ міндеттерін орындауға мүмкіндік болмайтын дүлей күштер жағдайы орын алған кезде өзінің міндеттемелерін орындау жауапкершілігінен босатылады (табиғи апат, зілзала, төтенше жағдай тәртібін енгі және т.б.).

6. Шарттың әрекет ету мерзімі

6.1. Шарт бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
6.2. Шарт белгісіз мерзімге жасалды деп есептеледі және Тараптар міндеттерін орындау сәтіне дейін әрекет етеді.

Басқы бет | Кері байланыс | Сайт картасы

© 2002-2018 «Халықаралық Алматы әуежайы»АҚ

Қазақстан Республикасы. Барлық құқықтары қорғалған.

   

Байланыс ақпараты

Баспасөз қызметі:
+7(727)2703391

info@alaport.com

Алматыдағы байланыс
телефонымыз

+7(727)2703333

ЭЙР АСТАНА KC621ФРАНКФУРТ11°С2018-12-11
16:10

Ұшып кетті
COMLUX KAZ4761АСТАНА2°С2018-12-11
13:30

Кесте бойынша
BEK AIR Z92025АҚТАУ22°С2018-12-11
13:30

Отырғызу
ЭЙР АСТАНА KC985ҚЫЗЫЛОРДА21°С2018-12-11
13:50

Отырғызу
Загрузить Adobe Flash Player

Жақын арадағы 4 рейс

ары қарай...