ЖАҢАЛЫҚТАР

05 ноября 2019

АЛМАТЫ ӘУЕЖАЙЫ ҚОЛАЙСЫЗ АУА-РАЙЫНА ДАЙЫН

Оңтүстік астанаға қараша айы келісімен авиажолаушылардың уайымы артып, Халықаралық Алматы әуежайының қызметтері жұмысты күшейтеді, өйткені тұман мен жауын-шашын мерзімі басталады.

Осыған орай әуе айлағы қолайсыз ауа-райында жұмыс істеуге дайын екендігін мәлімдейміз:

Ұшып-қону жолағының ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды, арнайы техника жеткілікті, соның ішінде ҰҚЖ тазалауға арналған жиырмадан аса түрлі арнайы машиналар да бар.

Бүгін әуежайда көрінісі шектеулі жағдайдағы жұмысқа дайындық бойынша оқу-жаттығулар өтті.

Өткен жылы Алматы әуежайы ИКАО III В санаты бойынша сертификатталды, ол жазықтық көріністің 75 м дейін төмендеген кезде лайнерлерді қабылдауға, ал 125 м дейін төмендеген кезде шығаруға мүмкіндік беретінін айта кетейік, дегенмен осындай жағдайларда рейсті орындау үшін ұшақ экипажында ИКАО ІІІ В санаты болу керек.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және рейстер кестесін сақтау біздің әуежайдың басым міндеттері болып табылады. Бүгінгі оқу-жаттығулар әуежай тұманда да қар жауғанда да толыққанды жұмыс істеуге дайын екенін көрсетті. Біздің автопарк ең заманауи арнайы техникамен жабдықталған, парктегі техника үнемі жаңартылып тұрады-деп атап өтті «Халықаралық Алматы әуежайы»АҚ президенті Ержанов Болат Қалиұлы.

Құрметті жолаушылар!

Қолайсыз ауа-райы кезінде әуежайдың анықтама қызметінен немесе авиакомпанияңыздан рейстің уақытын алдын ала анықтауыңызды сұраймыз.
ХАӘ анықтама қызметі – 8 (727) 270-33-33