ЖАҢАЛЫҚТАР

04 марта 2020

АЛМАТЫ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ КӘСІПОДАҒЫ БІР ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Жақында халықаралық Алматы әуежайы кәсіподақтарының атқарушы комитетінің Алматы кәсіподақтары аумақтық одағының өкілі Зәуреш Өмірбаеваның, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының, Көлік прокуратурасының және Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің өкілдерінің қатысуымен есеп беру кездесуі өтті. Бүгінгі таңда ұйым барлық кәсіпорын қызметтерінің 3185 қызметкерін (98%) біріктіреді.
Есепті кезеңде кәсіподақтың қызметі Жарғы мен іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілді, жұмыс кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек бойынша мүдделері мен құқықтарын  қорғауға бағытталған.
Жиналыста ұжымдық шартты Алматы әуежайы қызметкерлерінің құқығын қорғаудың кепілі ретінде талқылауға ерекше назар аударылды.
Кәсіподақ қызметі аясында соғыс және еңбек ардагерлеріне, тұрмысы төмен отбасылардың балаларына және т.б қайырымдылық көмек көрсету бойынша көптеген жұмыстар атқарылды. Кәсіподақ жұмыскерлер мен олардың балаларының емделуін және демалысын ұйымдастыруға, санаторий-курорттар мен балалар лагерьлеріне жолдамаларды олардың құнын ішінара өтеу арқылы көмектесті. Кәсіподақтың бастамасы бойынша қызметкерлер мен олардың отбасылары үшін мәдени-сауықтыру және спорттық шаралар үнемі ұйымдастырылып отырды, әуежай қызметкерлері бірлесіп ұлттық және кәсіби мерекелерді атап өтті.
Өткен кездесуде Халықаралық Алматы әуежайының жұмыскерлері барлық қызығушылық тудырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауап ала алды.