ТЖ режиминде КІРУ ТӘРТІБІ
КІРУ ТӘРТІБІ
Құрметті жолаушылар!
Рейстердің жаңартылуына байланысты Халықаралық Алматы әуежайында сіздер келесі қызметтерді пайдалана аласыздар:
- анықтама бюросы;
- ана мен бала бөлмесі;
- валюта айырбастау орындары;
- авиабилеттерді сату кассалары;
- Air Astana және Scat авиакомпанияларының кеңселері;
- банкоматтар мен төлем терминалдары;
- вип-залдар;
- қоғамдық тамақтану орындары - өзімен алып кету;
- жүк орау:
- Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар ұшакка дейін және одан кері ілесіп жүруге тегін тапсырыс бере алады;
- терминал кіре берісінде мүгедектер тұрағында санитарды шақыру түймешесі бар;
Терминал ғимаратының бар жерінде антисептикті санитайзерлер қойылған.
Сонымен қатар, әлеуметтік ара қашықтық сақтау, сауалнамалау, маскалық режим, контактісіз термометрия, сол сияқты терминал ғимаратына шығарып салушыларды кіргізбеу сияқты басқа да санитарлық-карантиндік талаптар сақталады.
Жолаушыдан жоғары қызу немесе ауру белгілері (жөтелу, алқыну, қиын тыныстау) байқалса әуежай ғимаратына және рейске жіберілмейді.