Авиациялық оқу орталығы (АОО)

Авиациялық оқу орталығы (АОО)

Авиациялық оқу орталығы (АОО) – авиация саласының мамандарын даярлау және қайта даярлау бойынша қызметті жүзеге асыратын «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ-ның негізгі бөлімшелерінің бірі.

Орталықтың қызметі Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымымен мақұлданған.

Авиациялық оқу орталығындағы оқыту мыналарды қамтамасыз етеді:

  • «Авиациялық қауіпсіздік» бағдарламасы бойынша барлық санаттағы персоналды даярлау және қайта даярлау
  • «Авиациялық қауіпсіздік» бағдарламасы бойынша азаматтық авиация ұйымдарының авиакомпаниялары  мен авиациялық қауіпсіздік қызметтері мамандарын кәсіби даярлау, қайта даярлау және кәсіби деңгейін қолдау
  • «Қауіпті жүктерді әуе көлігімен тасымалдау» бағдарламасы бойынша  азаматтық авиация авикомпаниялары мен  ұйымдарының персоналын даярлау және қайта даярлау (7.4, 7.5, 7.6, 7.7, 7.8, 7.9, 7.10 функциялары)
  • «Жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және қызмет көрсету» бағдарламасы бойынша жолаушыларды тіркеу және қызмет көрсету процесіне қатысатын авиакомпаниялар мен жерде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдардың мамандарын кәсіптік даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейін қолдау
  •  «Ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі» бағдарламасы бойынша авиакомпаниялар мен азаматтық авиация ұйымдары персоналын кәсіби даярлау және кәсіби деңгейін қолдау
  • «Жерде әуе кемелерін мұз қатуға қарсы қорғау» бағдарламасы бойынша авиакомпаниялар мен азаматтық авиация ұйымдары персоналын кәсіби даярлау және кәсіби деңгейде ұстау
  • «Адами факторы: қауіп факторлары мен қателіктерді бақылау принциптерін қоса алғанда, адамның мүмкіндіктері мен шектеулері"» бағдарламасы бойынша авиакомпаниялар мен азаматтық авиация ұйымдары персоналының кәсіби деңгейін кәсіби даярлау және қолдау


Байланыс нөмірлері: +7 (727) 388 8956; +7 (727) 388 8503